Өңдеуші сектордағы еңбек өнімділігі 1,6 есе өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңдеуші сектордағы еңбек өнімділігі 1,6 есе өсті

21.11.2014
Өңдеуші сектордағы еңбек өнімділігі 1,6 есе өсті

Отандық тауар сапасына халық күмәнмен қарайды. Өзіміздікінен гөрі, өзгенің өнімін сапалы көреді.  Бүгін Астанада өткен «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін, еңбек өнімділігін және энергия тиімділігін арттыру» атты халықаралық конференцияға жиналған отандық кәсіпкерлер осындай назын жеткізді. 

Сондай-ақ, қатысушылар индустрияландырудың бірінші бесжылдығының нәтижелерін талқылады, еңбек өнімділігін арттыру мәселесінде тәжірибелерімен бөлісті.

Айта кетейік, соңғы төрт жарым жылда өңдеуші сектордағы еңбек өнімділігі 1,6 есе өскен. Ал, қазірдің өзінде 71 кәсіпкерліктің субъектісі «Өнімділік-2020» бағдарламасының қатысушыларына айналды.

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу