Чили астанасы Сантьягода жүздеген студент шеруге шығып, полициямен қақтығысып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чили астанасы Сантьягода жүздеген студент шеруге шығып, полициямен қақтығысып қалды

26.04.2019

Олар білім саласындағы реформаларды өзгертіп, ақысыз оқыту жүйесін құруды талап етіп отыр. Бейбіт басталған шерудің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Наразылықтарды басу үшін тәртіп сақшылары суатқыш пен көз жасаурататын газ қолданды. Бұған ашынған халық оларға тас лақтырған.

Айта кетсек, Чили университеттерінде білім алу өте қымбат. Сондықтан студенттер оқудың ақшасын төлеу үшін несие алып, оны диплом алған соң бірнеше жыл бойы төлеуге мәжбүр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу