Чилиде студенттер полициямен қақтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чилиде студенттер полициямен қақтығысты

28.03.2018

Чили студенттері тағы ереуілге шықты. Сантьягода мыңдаған адамның қатысуымен өткен акция соңы полициямен қақтығысқа ұласқан. Жастарды тарату үшін тәртіп сақшылары демонстранттарға су шашқан. Соңғы мәліметке қарағанда, 17 адам қамауға алынды.

Шеруге конституциялық соттың университеттерді кіріс пен пайда үшін қызмет етуге итермелейтін заңды мақұлдауы себепші. Бұл реформаны бұрынғы мемлекет басшысы Мишель Бачелет енгізген-ді. Сол бастаманы қазіргі президент Себастьян Пинера да қолдап отыр.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу