Сантьягода студенттер полицейлермен қақтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сантьягода студенттер полицейлермен қақтығысты

18.05.2018

Чили астанасы Сантьягода мыңдаған студент шеруге шығып, полициямен қақтығысты. Оларды тарату үшін тәртіп сақшылары көшеге су шашатын машиналарды шығарды. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.

Университеттер мен колледждердің студенттері оқу орындарында ерлер мен әйелдер теңдігінің сақталуын талап етіп жатыр. Сонымен қатар, манифестанттардың сөзінше, оқытушылар тарапынан жастарға қырындау және оларды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу оқиғалары кейінгі кездері жиілеп кеткен.

Соңғы мәліметке қарағанда, қақтығыс кезінде бірнеше шеруші тұтқындалды.

Арыстан РЫСБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу