Кемшілігі бар жүйе 8 адамның өліміне себепші болса керек. Жөнсіз жұмыс істейтін жастықтарды германиялық-америкалық ZF TRW концерні шығарған. Олар Honda, Kia, Hyundai, Mitsubishi және Fiat Chrysler концерндерінің 2010-2019 жылы құрастырылған автомобильдеріне орнатылған екен.
Бұл жүйенің кемшілігі сол - апатты жағдайларда штаттан тыс электр сигналдары бақылау датчиктерін істен шығарып, жолаушылар орындығы алдындағы жастықты бұғаттап тастайды. Аталған автоконцерн осы ақауға байланысты тиісті шара қолданатынын мәлімдеді. Айта кетсек, 2014 жылы Жапонияның «Таката» компаниясы да дәл осындай жағдайға ұшырап, 2017 жылы банкрот болған еді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ