Daimler концерні АҚШ нарығына шығарылған 840 мың көлікті кері қайтарып алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Daimler концерні АҚШ нарығына шығарылған 840 мың көлікті кері қайтарып алады

10.02.2016
Daimler  концерні  АҚШ  нарығына  шығарылған  840 мың көлікті кері қайтарып алады
  Daimler  концерні  АҚШ  нарығына  шығарылған  840 мың көлікті кері қайтарып алады

Немістің Daimler AG концерні АҚШ нарығына шығарылған 840 мың көлікті кері қайтарып алуға бекінді. Себебі, бұл көліктерге орнатылған қауіпсіздік жастығында ақау бар екендігі анықталған.

Неміс көліктеріне қауіпсіздік жастықтарын жапондық Takata компаниясы жасаған көрінеді. Компания көліктердің қауіпсіздік жастықтарында ақаулар болуы мүмкін екендігін өздеріне АҚШ-тың автокөлік қозғалысы қауіпсіздігі бойынша ұлттық басқармасы (NHTSA) ескерткенін мәлімдеген. Сөйтіп, неміс концерні өздері сатқан көліктерді қайтарып алуға шешім қабылдапты.

Концерн АҚШ-та сатылған 705 мың жеңіл көлік пен 136 мың минивенді кері қайтармақ. Бұл көліктердің жалпы құны 340 млн еуро көлемінде болып отыр


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу