Торнадо соққысынан 8 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Торнадо соққысынан 8 адам мерт болды

15.04.2019

АҚШ-тың оңтүстік штаттарында қатты дауыл көтеріліп, кемінде 8 адам қаза тапты. Олардың үшеуі – балалар. Тағы ондаған тұрғын жараланып, ауруханаға жеткізілді. Синоптиктердің хабарлауынша, торнадо сағатына 225 шақырым жылдамдықпен соққан. Ол ағаштарды тамырымен жұлып, үйлердің тас-талқанын шығарды.

Техас, Миссисипи, Луизиана, Арканзас және Джорджия штаттарында шамамен 90 000 мың адам электр жарығынсыз қалды. Қолайсыз ауа райына байланысты 6000-дай әуе рейсі доғарылып, ұшу уақыттары өзгертілген.

Сонымен қатар, апат соңы су тасқынына ұласып, құтқарушыларға зардап шеккендерді тікұшақпен эвакуациялауға тура келді. Қазір дауыл елдің солтүстік-шығысына қарай беттеп барады.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу