Қытайдың кейбір провинцияларында бұршақ жауып, қар борады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың кейбір провинцияларында бұршақ жауып, қар борады

29.04.2024

Қытайдың оңтүстігіндегі Цзянси провинциясында бұршақ жауса, солтүстігіндегі Хэбэй провинциясында қар борады. Көлемі тауықтың жұмыртқасындай бұршақ Фучжоу қаласында бірталай көліктің терезесін сындырған. Ал Чэндэ қаласында боран соғып. ауаның температурасы 5 градусқа дейін төмендеді.

Соңғы апталарда Қытайдың бірқатар аймағында ауа-райы қолайсыз болып тұр. Өткен тәулікте бұл мемлекеттің Гуанчжоу қаласына торнадо соққы беріп, бес адам мерт болды.


Хабарламаларға жазылу