Украинада президент сайлауы: Комедиялық әртіс Владимир Зеленский көш бастап келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада президент сайлауы: Комедиялық әртіс Владимир Зеленский көш бастап келеді

01.04.2019

Украинада президент сайлауы өтіп, алғашқы айналымның нәтижелері белгілі болды. Алдын ала есеп бойынша, комедиялық әртіс Владимир Зеленский 30,4 пайыз дауыспен көш бастап келеді. Ел президенті Петр Порошенко 17,8 пайыз дауыс жинаса, «Батькивщина» партиясының лидері Юлия Тимошенконы 14,2 пайыз сайлаушы қолдаған. Петр Порошенко сайлаудың еркін, халықаралық стандартқа сай өткенін айтты. Алайда, Юлия Тимошенко нәтижелердің әділдігіне күмән келтіріп, шағым түсіретінін білдірді.

Орталық сайлау комиссиясы 10 күн ішінде барлық дауыстарды есептеп, соңғы нәтижелерді жариялайды. Дегенмен, кандидаттардың ешқайсысы бірінші айналымда жеңіске жету үшін қажетті дауыс санын жинамаған. Сондықтан, сәуірдің 21-де сайлаудың екінші айналымы өтеді деп жоспарланып отыр.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу