Украинада 4,5 млн адам электр жарығынсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада 4,5 млн адам электр жарығынсыз қалды

04.11.2022

Ресейдің шабуылынан Украинада 4 млн 500 мың адам электр жарығынсыз қалды. Президент Владимир Зеленский осылай деп мәлімдеді. Энергетикалық дағдарыс Киев пен өзге 10 облысты қамтыған.

Зеленский жергілікті билік өкілдерін электр қуатын үнемдеуге шақырды. Қазанның 10-нан бері Ресей Украинаның маңызды энергетикалық инфрақұрылымына жойқын соққы беріп жатыр. Соның салдарынан елдегі электр станциялардың 40 пайызы қираған.

Ақпанның 24-де Ресей Украинаға басып кіргелі мыңдаған адам қаза тауып, қалалар қирады. Миллиондаған тұрғын үйін тастап кеткен. Мәскеу қарулы қақтығысты «арнайы әскери операция» деп атайды.   

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу