Бірреттік пластик заттарға тыйым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірреттік пластик заттарға тыйым салынады

28.03.2019

Еуропа одағы 2021 жылдан бастап бір мәрте пайдаланылатын пластик заттарға тыйым салады. Олардың ішінде түтікше, шанышқы, табақ, пышақ сияқты бұйымдар бар. Бұл туралы заңды  Еуропарламенттің 560 депутаты қолдап дауыс берсе, 35-і оған қарсылық білдірген.

Айта кетсек, пластик заттар экологияны ластап, дүниежүзілік мұхиттарға орасан зор зиян тигізіп жатыр. Жыл сайын әлемде өзен-суларға 8 миллион тонна пластик түседі. Ал, теңіз жануарлары абайсызда оны жеп қойып, қырылып жатыр. Сондай-ақ, пластик микробөлшектерінің мұхит арқылы адам ағзасына да түсетіні анықталған.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу