Үндістанда пластик заттарды тұтынуға тыйым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда пластик заттарды тұтынуға тыйым салынады

30.09.2019

Үндістанның барлық аумағында қазанның екісінен бастап кейбір бір реттік пластик заттарға тыйым салынады. Солардың қатарында пакеттер, стакандар, түтікшелер бар. Дегенмен, бұл шешім талай кәсіпорынды алаңдатып отыр. Олардың пікірінше, мәселен, пластик қалта жасайтын фабрикалар жабылатын болса, мыңдаған адам жұмыстан айрылуы мүмкін. Ал билік табиғатты сақтау үшін мұндай материалды қолдануды бірте-бірте тоқтату қажет деп есептейді. Үндістан жылына 14 миллион тонна пластик пайдаланады. Жаңа ереженің нәтижесінде осындай қалдықтың көлемі 5-10 пайызға азаюы мүмкін. Ал зерттеушілердің дерегінше, әлемде қолданылған пластиктің 50 пайыздайы мұхиттарға төгіліп, су астындағы тіршілікті қырғынға ұшыратып жатыр.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу