Оман шығанағында Иранның әскери кемесі өртеніп, суға батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оман шығанағында Иранның әскери кемесі өртеніп, суға батып кетті

03.06.2021

Иран теңіз флотының алып кемесі Оман шығанағында өртеніп, суға батып кетті. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, экипаждың барлық мүшелері құтқарылып, жағалауға шығарылған.

Су көлігін неліктен от шарпығаны әзірге белгісіз. Бірақ, ақпаннан бері Израиль мен Иран бір-бірін жүк кемелеріне шабуыл жасады деп бірнеше рет айыптады. 

Ислам Республикасы 1979 жылдан бері еврей мемлекетін мойындамай келеді. Израиль болса, Тегеранның ядролық бағдарламасын өзіне төнген қауіп деп есептейді. 

Ал, Шри-Ланканың батыс жағалауында химиялық заттар мен пластик түйіршіктер тиелген паром өртеніп, құрдымға кетті. Сингапурда тіркелген кеменің бортында 1486 контейнер бар. Сол жүктің 25 тоннасы - азот қышқылы. Ал, пластик гранул суға жайылып, аймақты соңғы онжылдықтардағы үлкен экологиялық дағдарысқа душар етті. Апатқа байланысты ұзындығы 80 шақырым жағалауда балық аулауға тыйым салынып, 5 жарым мыңнан астам қайық теңізге шыға алмай отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу