111 мектеп жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

111 мектеп жабылды

14.03.2019

Малайзия билігі Джохор штатындағы 111 мектепті жабуға бұйрық берді. Бұған химиялық заттан 200-ден астам бала, мұғалім және өзге де адамдардың улануы себеп. Зардап шеккендер қазір ауруханада емделіп жатыр.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, токсинді қалдық осы өңірдегі өнеркәсіптік қала арқылы ағатын өзенге тасталған болуы мүмкін. Жүздеген адам сол себепті уланса керек. Қазір болған оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу