Қостанайда мектеп карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда мектеп карантинге жабылды

29.10.2020

Қостанай қаласындағы №1 мектеп-лицейдің мұғалімінен коронавирус анықталды. Осыған байланысты білім ошағы карантинге жабылды. Оқушылар қашықтан оқиды. Мектеп ұжымына және оқушыларға үйден себепсіз шықпауы керектігі ескертілді. Әзірше облыста балалар арасында вирус анықталмады, деп қалалық білім бөлімі хабарлайды. Індет тіркелген мектепте 462 оқушы кезекші топта оқыған. 

Дәуренбек Әбдібек 

Қостанай карантин коронавирус мұғалім

Хабарламаларға жазылу