Маңғыстау облысында 99 сынып карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында 99 сынып карантинге жабылды

02.11.2021

Қостанай облысында вакциналау жоспарлы түрде жүріп жатыр. Ал осы қараша айында мектеп оқушыларына да екпе салынады. Бұған жыл басындағы деректермен салыстырғанда жасөсіпірімдер арасында індетті жұқтыру көрсеткішінің көбеюі себеп болып отыр.
Зәуре Бәйменова, облыстық білім басқармасының басшысы: 
Бізге балалардың қауіпсіздігі өте маңызды. Сондықтан ата – аналарға айтпай, тығып әлеуметтік желіде жазылып жатқандай, ондай жұмыс жүргізілмейді. Егер ата – анасының рұқсаты болса, ата-анасы өзі шешім қабылдайды, сонда ғана вакцинация балаларға жасалатын болады.
Маңғыстау облысында да оқушылар арасында ковид өршіп тұр. 99 сынып карантинге жабылды. Оқу жылы басталғалы 111 жасөспірімнен қауіпті індет анықталған. 43 бала денсаулығына қатысты шағыммен дәрігердің көмегіне жүгінген. Вирусқа шалдыққандардың басым бөлігі - Ақтау қаласының оқушылары.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу