Құжаттың жаңа нұсқасын Қауымдар палатасының 242 депутаты жақтап, 391-і қарсы дауыс берген. Ал, Брексит процесінің басталуына небәрі 17 күн қалды. Бұған дейін тараптар келісімге келмесе, Брексит мерзімі ұзартылуы мүмкін.
Еуропалық Одақ британ парламентіндегі дауыс беру нәтижесі белгілі болғаннан кейін «келісімсіз Брекситке» дайын болуы қажеттігін мәлімдеді. Бұған қоса, Еуропалық Кеңес басшысы Дональд Туск Корольдіктен одақтан шығу процесі мерзімінің ұзартылуына қатысты салмақты түсініктеме талап етті.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ