Британия парламенті Джонсонның сайлау туралы ұсынысын қолдамады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Британия парламенті Джонсонның сайлау туралы ұсынысын қолдамады

29.10.2019

Британия парламенті премьер-министр Борис Джонсонның желтоқсанның 12-де мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы ұсынысын қабылдамады. Бұл туралы құжатты қауымдар палатасындағы депутаттардың 299-ы ғана қолдаған. Демек үкімет басшысы қажетті 434 дауысты жинай алмады.

Джонсон жаңа сайлау нәтижесінде парламентте жақтастары көбейіп, елді Еуропа одағынан шығару туралы келісім мақұлданады деп үміттенген еді. 

Айта кетсек, өткен тәулікте Брюссель «Брексит» мерзімін қаңтардың 31-не дейін созуға келісім берді. 

Біріккен Корольдікті сол уақытқа дейін одақтан шығару үшін министрлер кабинетінің жетекшісі бүгін халық қалаулыларына сайлау ұйымдастыру туралы тағы бір жоба ұсынбақ.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу