Ұлыбританияны Еуропа одағынан шығару туралы жаңа келісім жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияны Еуропа одағынан шығару туралы жаңа келісім жасалды

17.10.2019

Ұлыбританияны Еуропа одағынан шығару туралы жаңа келісім жасалды. Бұл құжат бүгін одақ елдері лидерлерінің Брюссельде ашылатын саммитінде таныстырылады. Сонымен қатар, ол әлі парламентте мақұлдануы керек.  

«Біз британ үкіметімен уағдаластыққ қол жеткіздік», - дейді Еуропа делегациясының жетекшісі Мишель Барнье бүгін журналистермен өткен кездесуде.

Тараптардың мәмілеге келгенін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон да растады. Айта кетсек, бұл корольдік одақтан қазанның 31-де ажырасуы керек.

Оның аймақтық интеграциялық блоктан кету мерзімі биыл көктемде кейінге қалдырылды. Содан кейін депутаттар «брексит» келісімін үш рет қабылдамады. Өйткені олардың ойынша, Лондон сол құжат негізінде ажырасатын болса, Солтүстік Ирландия одақ құрамында қалып қоюы мүмкін еді.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу