Венесуэлада 4 күннен бері электр жарығы жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэлада 4 күннен бері электр жарығы жоқ

11.03.2019

Осының салдарынан ауруханаларда 17 адам қайтыс болған. Ал, жергілікті тұрғындар көшеге шығып, социалисттік үкіметке наразылық білдіріп жатыр. Президент Николас Мадуро жарықтың өшуіне АҚШ-тың саботажы кінәлі деп мәлімдеді. Бірақ сарапшылардың ойынша, Венесуэлада электр тапшылығына жылдар бойы энергетика саласына инвестицияның жеткілікті салынбауы себепші.

Айта кетсек, бұл оңтүстікамерикалық мемлекетте экономиканың күйреуі мен инфляция кесірінен азық-түлік пен дәрі-дәрмек халыққа жетпей жатыр.

Осындай жағдайда дүкен тонаушылар көбейген. Соңғы тәуліктің өзінде ұлттық гвардия сарбаздары супермаркеттерге шабуыл жасаған, азық-түлік ұрлаған 40-тан астам адамды тұтқындады.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу