Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс ушыға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс ушыға түсті

28.02.2019

Ресей, АҚШ пен өзге де ірі державалар Үндістан мен Пәкістанды сабырлылық танытуға, жанжалды саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге үндеді. Халықаралық қауымдастық ядролық қаруы бар елдер арасындағы жағдайдың өршуіне алаңдаулы. Екі көршілес мемлекет арасында қақтығыс ушыға түскен. Бүгін Пәкістан мен Үндістанның қарулы күштері біріне-бірі оқ жаудырды. Ал, кеше даулы Кашмир ауданында екі тараптың әскери-әуе күштері бір-бірінің ұшақтарын атып құлатқан.

Жалпы, екі ел арасындағы қақтығыстың өршуіне ақпанның 14-інде Кашмирдің үндістандық бөлігінде үнді сарбаздарына қарсы жасалған шабуылдан 46 адамның мерт болуы түрткі болды. Қастандыққа Дели Исламабадты айыптады. Ал, Пәкістан болса мұны жоққа шығарды. Сейсенбіде Үндістан Кашмирдің пәкістандық бөлігіндегі қарулы топ лагеріне әуеден соққы бергеннен кейін ахуал тіптен ушықты.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу