АҚШ-та президент сайлауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та президент сайлауы өтті

04.11.2020

АҚШ-тағы басты саяси дода президент сайлауы аяқталды. Әзірге демократ Джо Байден электоралды колледждің 238 дауысымен алда келе жатқан көрінеді.  

Әлия Әшім, тілші:  
-Бұл сайлау шынымен тартысты өтіп жатыр. Электоралды колледждің көп дауысы демократ Байденнің еншісінде. Бірақ, сайлау нәтижесін әлі жарияламаған, шешуші 5-6 штатта Трамп алда келе жатыр. Бір қызығы, ресми мәліметтерді күтпей-ақ Трамп бүгін өзін жеңімпаз атап үлгерді. Дегенмен, пандемия кесірінен 100 миллионға жуық адам пошта арқылы дауыс берді, сондықтан оларды санап біту үшін кемінде тағы бір күн керек дейді сайлау орталықтары.  
Трамп та өз сайлаушыларын үнемі «ұялшақ» деп атайды. Қоғам сынынан қымсынатын жақтастарым сайлау күні дауыс берсе, ұтамыз деген болатын. Бірақ Байден, мұны Трамп та, мен де шешпеймін, соңғы сөз америка халқында деп отыр.  

Әлия Әшім 


АҚШ президент сайлауы

Хабарламаларға жазылу