Өзбекстанда 2019 жыл - «Белсенді инвестициялар және әлеуметтік даму жылы» деп жарияланды. Бұл туралы көрші елдің басшысы дәстүрлі жолдауында мәлімдеді. Шавкат Мирзиёев маңызды бастаманы бұған дейін қолға алынған ауқымды жұмыстардың заңды жалғасы деп атап өтті. Өзбекстанда өткен жылы жалпы құны 1 миллиард долларға жуық 76 жоба жүзеге асқан. Алдағы мақсат одан 1,5 есе көп. Президент елдің ішкі нарығына инвестиция тарту арқылы тоқтап тұрған өндірістердің тамырына қан жүгіртіп, отандық өнімнің экспорттық әлеуетін арттыруды көздеп отырғанын жеткізді. Ал, аймақтар мен өңірлердің дамуына тікелей әкімдер жауап беретінін қадап айтты. Оларды бұрынғыдай орталыққа жалтақтамай, өз беттерінше ізденуге шақырды.
Досымжан ЕРМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.