Елімізге Шавкат Мирзиёев мемлекеттік сапармен келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізге Шавкат Мирзиёев мемлекеттік сапармен келеді

05.12.2021

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желілердегі парақшаларында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің біздің елімізге мемлекеттік сапары басталатынын хабарлаған.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5-6 желтоқсан күндері елімізге Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев екі күндік мемлекеттік сапармен келеді. Көпқырлы қазақ-өзбек қатынастарына тың серпін беру мақсатымен Қазақстан мен Өзбекстан басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді. Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде» деп жазған.

Хабарламаларға жазылу