Қытайда тұңғыш рет ит клондалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда тұңғыш рет ит клондалды

19.12.2018

Қытайда бірнеше мәрте киноға түсіп, нағыз тележұлдызға айналған «Джуси» есімді ит клондалды. Оның қожайыны төртаяқтысы қартайған соң екінші көшірмесін жасатуды шешкен. Генетиктер Джусидің биологиялық тіндерін алып, бірнеше аптада ДНК-сын бөліп, аналық жасушасын ұрықтандырған. Клондалған ит суррогаттық жолмен қыркүйек айында дүниеге келіп, ғалымдардың бақылауында болды. Джусидің көшірмесін жасау үшін қожайыны 55 мың доллар төлеген екен. Соңғы кездері бұл елде үй жануарларын клондауға сұраныс арта түскен. Батыс елдеріне қарағанда, Қытайда мұндай процедураға шектеу аз болғандықтан, гендік инженерлердің тәжірибесі мол.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу