Астанада тұңғыш рет киноклуб ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада тұңғыш рет киноклуб ашылды

18.04.2014
Астанада тұңғыш рет киноклуб ашылды
Астанада тұңғыш рет кино өнерін насихаттайтын клуб ашылды. Аптаның әр бейсенбісінде  Ұлттық академиялық кітапханада  отандық және әлемдік кино өнерінің ең үздік туындылары көрсетіледі.
 
Ең қызығы, киноны көріп қана қоймай, майталман киносыншылармен, актерлармен бетбе-бет кездесіп, пікірлесуге мүмкіндік аласыз.
 
Киноклубты Қазақ Ұлттық Өнер университеті мен Ұлттық академиялық кітапхана ұжымы бірлесіп ашып отыр. Қазір кітапхана қорында   2 мыңға жуық кинотаспа бар.
 
Гүлмира Ықсанова, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бөлім меңгерушісі:
Жастардың басын қосатын мәдени орталықтың бірі - кітапхана. Сондықтан, біз өз тарапымыздан қорымыздағы бар дүниелерді оқырмандарымыздың игілігі үшін пайдаланып отырмыз.
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу