Әзірбайжанда тұрғын үйде жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзірбайжанда тұрғын үйде жарылыс болды

20.11.2018

Әзірбайжанның батысында тұрғын үйде жаралыс болып, кемінде 1 адам қаза тапты. Тағы бірнешеуі жараланған. Олардың біреуі ауыр халде. «Интерфакстың» хабарлауынша, оқиға Гянджа қаласында болды. Жарылыс салдарынан 4 қабатты үйдің бір бөлігі түгелдей опырылып, 4 пәтер қираған. Алдын ала болжамдарға қарағанда, балоннан газ аққан болуы керек. Қазір іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған иттер де тартылды.

Үйінді астында әлі адамдар болуы мүмкін. Мамандар ғимарат құрылысын тексеріп жатыр. Егер қалған пәтерлердегі адамдарға қауіп төнсе, олар да басқа жерге көшіріледі.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу