Шымкентте тұрғын үйде жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте тұрғын үйде жарылыс болды

22.12.2014
Шымкентте тұрғын үйде жарылыс болды

Оқиға Ақназар хан көшесіндегі 8 пәтерлі үйде болған. Төтенше жағдай орнына Төтенше жағдайлар департаменті дереу шақырылып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.

Жарылыс салдарынан 23 адам зардап шеккен. Оның 7-уі бала. 5 адам ауруханаға жатқызылды.

Алдын-ала болжам бойынша, жарылыс табиғи газдан болған.

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу