Жаңаөзенде екі қабатты тұрғын үйде жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзенде екі қабатты тұрғын үйде жарылыс болды

17.04.2023

Ақтауда шахарды жылу, су және жарықпен қамтамасыз етіп тұрған жалғыз энергокомбинатта апат болып, қондырғы істен шықты. Сондай ақ, Жаңаөзен қаласында екі қабатты тұрғын үйде жарылыс болған.

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

МАЭК-тегі апат кеше болды. Энергокомбинат таратқан мӘлімет бойынша, ЖЭС –2 қондырығысы өшірілген. Салдарынан қалада кейбір шағын аудан тұрғындары жарықсыз қалған. Сондай-ақ қала бойынша ыстық су өшіріліп, уақытша ауыз аудың қысымы төмендетілді. Ауыз судың қысымы түнгі сағат 22:00 бастап азайды. Қазір МАЭК те жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Ал Жаңаөзен қаласында бүгін таңғы сағат 4:00 шамасында 2-ші шағын ауданда орналасқан екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша, газ жарылған. Салдарынан үйдің кіреберісі, 150 шаршы метр аумақ қираған. Ал үйдің жалпы ауданы - 600 ш.м. Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, оқиға орнында өрт болмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, 11 адам зардап шегіп, оларға медициналық көмек көрсетілуде. Қазір оқиға орнында үйіндінің арасын ашу жұмыстары жүргізілуде. Оған 50-ден астам құтқарушы және кинологтар, 10 техника, жедел медициналық көмек жұмылдырылды. Болған оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.


Хабарламаларға жазылу