АҚШ-та мектепте атыс болып, 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та мектепте атыс болып, 2 адам қаза тапты

15.11.2019

АҚШ-тың Калифорния штатында 16 жастағы оқушы мектепте оқ атып, 2 бала мерт болды. Тағы үшеуі жараланған. Оқиғадан кейін күдікті өзіне қол жұмсамақ болған. Алайда ол басына тиген оқтан ауыр жараланып, қазір ауруханада жатыр.

Оқиға Санта-Кларита қаласының оқу мекемесінде таңғы сағат 07:30-да болды. Жасөспірім мектепке келе сала, жартылай автоматты тапаншадан сыныптастарына оқ жаудырған. Оның мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз. Қазір жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу