Армения премьер-министрі Никол Пашинян алты министрді отставкаға жіберді. Сонымен қатар, ол «Гүлденген Армения» партиясы мен «Армян революциялық федерациясынан» сайланған губернаторларды да қызметтен босатты.
Бүгін Пашинянның ондаған мың жақтасы Ереван орталығына жиналып, парламентті таратып, жыл соңына дейін сайлау өткізуді талап етіп жатыр. Айта кетсек, сол парламентте отырғандардың көпшілігі – Никол Пашинянның қарсыластары немесе бұрынғы үкімет басшысы Серж Саргсянның жақтастары.
Мұның алдында депуттаттар кезектен тыс мәжіліс өткізіп, парламентті таратуды және мерзімінен бұрын сайлау өткізуді қиындататын заң жобасына дауыс берді. Соған ашынған Пашинян парламенттің шешімін контрреволюциялық деп атап, жақтастарын митингке шығарып отыр.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.