Перудің солтүстігінде бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен пингвиндер табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перудің солтүстігінде бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен пингвиндер табылды

25.09.2018

Олар ел астанасы Лимадан 367 шақырым шалғай аудандарда анықталған. «Кабо» және «Коуалски» есімді екі пингвин хайуанаттар бағынан қалай шығып кеткені әзірге белгісіз.

Жергілікті тұрғындар ерекше жануарлардың көше кезіп жүргенін көріп, дереу полицияға хабар берген екен. Орман мен жануарларды қорғау қызметі енді мұндай жағдайға жол бермейміз, деп уәде берді.

Сөйтіп, адасып қалған екі пингвин өз үйлеріне оралды. Айта кетсек, бұлар жай жануарлар емес екені анықталды. Атақты «Мадагаскар» мульфильміндегі басты кейіпкерлер осы пингвиндердің бейнесімен сипатталған.  

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу