Танзанияда паром апаты құрбандарының саны 225-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Танзанияда паром апаты құрбандарының саны 225-ке жетті

24.09.2018

Танзанияда паром апатынан қаза тапқандар саны 225-ке жетті. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады. Сенбіде құтқарушылар тірі қалған бір ер адамды тапты. Ол - құрдымға кеткен су көлігінің механигі. Оның халі мүшкіл. Ал, құтқарушылар қаза тапқандардың денелерін судан шығарып жатыр. 200 адамға шақталған паром қыркүйектің 20-да Виктория көлінде аударылды. Оның бортында 400-ден астам жолаушы болған. Қайғылы оқиғаға орай Танзанияда 4 күн қаралы деп жарияланды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу