Мыңдаған адам Каталония үшін шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мыңдаған адам Каталония үшін шеруге шықты

21.09.2018

Испанияның Барселона қаласында мыңдаған адам Каталония тәуелсіздігін қолдап, шерулетті. Бұған тәуелсіздік туралы референдумның өтуіне бір жыл толуы себеп болып отыр. Баннерлер ұстаған жұрт қаланың орталық көшелеріне шығып, жолдарды жауып, каталондықтардың азаттығы үшін күресіп, қамауға алынған лидерлерді босатуды талап етіп отыр.

Естеріңізге салсақ, былтыр қазанның 1-і күні Каталония тәуелсіздігі туралы референдум өтіп, электораттың 90 пайыздан астамы бостандықты қолдап дауыс берген еді. Дегенмен, ресми Мадрид бұған қарсылық білдіріп, Каталония парламентін таратып, кейбір лидерлерді тұтқындаған. Енді биыл қыркүйектің ортасынан бері каталондықтар тәуелсіздік туралы мәселені қайта көтеріп жатыр. Кейбір болжамдарға қарағанда провинцияда қайта референдум өтуі мүмкін.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу