Йеменде 5 миллион балаға аштық қаупі төніп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Йеменде 5 миллион балаға аштық қаупі төніп тұр

19.09.2018

Йеменде 5 миллион балаға аштық қаупі төніп тұр. Бұған  ұлттық валютаның құнсыздануы мен азық-түлік бағасының өсуі түрткі болып отыр. Дегенмен, жергілікті тұрғындардың қиын жағдайға тап болуына - ең ірі порттық қала Худайдадағы әскери жанжалдардың өршуі себепші. Әдетте, бұл қалаға теңіз арқылы жағдайы төмен балаларға көмек жіберіледі. Енді оларға ауадай қажет болып тұрған тамақ, киім-кешектің жеткізілуі тежеліп отыр. Ал, аштыққа ұшырап жатқан балалар үшін халықаралық ұйымдар алаңдаушылық білдіріп жатыр. 

Айта кетсек,  Йеменде билік әскері мен шиит-хусит көтерілісшілері арасындағы  қақтығыстар 2014 жылдан бері жалғасып келеді. Бұл жанжалдар 2015 жылы Сауд Арабиясы бастаған коалицияның елге басып кіруімен тіпті өрши түсті.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу