Газа халқына аштық қаупі төніп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газа халқына аштық қаупі төніп тұр

22.12.2023

Соғыс жүріп жатқан Газа секторындағы әрбір төрт адамның біреуі аштыққа ұшырап жатыр. Бұны Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылығы агенттігі хабарлады. Оның дерегінше, Газаға қажетті азық-түліктің 10 пайызы ғана енгізіліп отыр.

Палестиналық анклавта мұндай жағдайдың қалыптасуына қарулы қақтығыстар себепші. Қазанның 7 күні Израиль армиясы «Хамас» қозғалысын жою мақсатында бомбалау операцияларын бастады. Ал хамастықтар еврей мемлекетіне зымыран жаудырып жауап беріп отыр.

Ашраф Басал, жергілікті тұрғын:

Бүгін балаларым мен немерелерімді жинап, оларға бір тілім нан мен шай ғана бердім. Ештеңе жоқ. Түске дейін олар басқа тамақ ішпейді. Түскі асқа да шай мен аз ғана нан. Амал жоқ, осылай күнелтіп жатырмыз.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу