Африканың 13 млн тұрғынына алапат аштық қаупі төніп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Африканың 13 млн тұрғынына алапат аштық қаупі төніп тұр

08.02.2022

Африканың Эфиопия, Сомали және Кения елдерінің 13 миллион тұрғынына алапат аштық қаупі төніп тұр. БҰҰ-ның Азық-түлік бағдарламасы осылай деп мәлімдеді. Аталған елдерде үш жыл бойы жауын жаумай, қуаңшылық жайлаған. Егін шықпай, мал қырылып, азық-түлік бағасы шарықтады. Гуманитарлық апатқа жол бермеу үшін шұғыл көмек қажет. БҰҰ қуаңшылықпен күреске және Африка халқына азық-түлік жеткізуге халықаралық қауымдастықтан 327 млн доллар бөлуді сұрап отыр. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу