Филиппин аралдарында «Мангхут» тайфунынан көз жұмғандар саны 60-тан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филиппин аралдарында «Мангхут» тайфунынан көз жұмғандар саны 60-тан асты

17.09.2018

Филиппин аралдарында «Мангхут» дауылынан көз жұмғандар саны 64-ке жетті. Бұл туралы «Ассошиэйтед пресс» агенттігі хабарлап отыр. Түрлі жарақаттар алған 33 адам госпитальдарға орналастырылды. Тағы 45-тен астам тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Соңғы деректерге сүйенсек, тайфун, әсіресе, Лусон аралындағы Бенгет провинциясына күшті соққы берді.

Айта кетейік, «Мангхут» дауылы Қытайдың оңтүстік жағалауларына да жетті. Гуандун провинциясында 2,5 миллионға жуық тұрғынға қауіп төніп тұр. Жергілікті билік өкілдері, апаттық жағдайға байланысты 50 мың балық аулайтын қайықтарды қайта шақыртып алды.

Сондай-ақ, Гонконгқа бағытталған рейстер кейінге қалдырылып отыр. Екпінді жел күшейіп, толассыз жауған нөсердің кесірінен тас жолдар жабылып, кейбір мектептерде дәріс беру тоқтатылып,  кеңселер жабылды. 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу