Германияның Висбаден қаласының орталық алаңынан Р.Ердоғанның ескерткіші алынып тасталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияның Висбаден қаласының орталық алаңынан Р.Ердоғанның ескерткіші алынып тасталды

30.08.2018

Германияның Висбаден қаласының орталық алаңынан Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның алтын жалатылған ескерткіші алынып тасталды. Оның биіктігі 4 метрдей болған.

Мұндай шешім сейсенбі күні Ердоғанның жақтастары мен қарсыластары жанжалдасқаннан кейін кейін қабылданып отыр. Дегенмен, сол күні тараптар тікелей қақтығыспаған.

Висбаденге бұл ескерткіш өнер фестивалі аясында орнатылды. Арада біраз уақыт өткенде, оған Түркия президентінің қарсыластары балағат сөздер жазып кетті деген мәлімет бар.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу