Венесуэлалықтар еліне  қайтып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэлалықтар еліне  қайтып жатыр

28.08.2018

Венесуэладағы экономикалық қиындықтардан Перуге қашқан мигранттар еліне кетіп жатыр. Олардың жол билеттері Венесуэла үкіметі есебінен қаржыландырылған.

Венесуэлалықтар Перуге тамыздың 25-де босқын мәртебесін алуға немесе өзге гуманитарлық себептерге байланысты барды. Алайда, қабылдаушы мемлекет билігі  олардың төлқұжатсыз елге кіруіне тыйым салатын заң шығарған.

Бұл шара соңғы 8 айда 4 есеге көбейген мигранттардың санын азайту үшін қабылданып отыр. Ал, Венесуэлаға қайтып жатқандар қуанышты. Өйткені, Перуде бірнеше күн өткізгеннен кейін олар туған жердің қадірін түсінген. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу