СІМ Түркияда қалып қойған қазақстандықтарға қатысты ақпаратқа түсініктеме берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СІМ Түркияда қалып қойған қазақстандықтарға қатысты ақпаратқа түсініктеме берді

27.04.2020
СІМ Түркияда қалып қойған қазақстандықтарға қатысты ақпаратқа түсініктеме берді

СІМ Түркияда қалып қойған қазақстандықтарға қатысты ақпаратқа түсініктеме берді

«24 сәуірде Turkish Airlines әуе компаниясының ұшағымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Түркияның 160-тан астам азаматы өз еліне оралды. Біздің Анкарадағы елшілігіміз қазақстандықтарды Түркиядан осы ұшақпен қайтып әкелу мәселесін алдын ала түрік тарапымен пысықтаған болатын. Алайда, түрік тарапы біздің отандастарымызды аталған ұшаққа отырғызудан бас тартты», - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

ҚР Сыртқы істер министрлігі шет елдегі біздің азаматтарымызға олардың отанға оралуына көмек көрсетуін жалғастырады.

Хабарламаларға жазылу