Ресейден келген цирк ұжымы екі айдан бері елдеріне қайта алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейден келген цирк ұжымы екі айдан бері елдеріне қайта алмай отыр

15.04.2020

Ресейден келген цирк ұжымы екі айдан бері Қарағандыдан шыға алмай отыр. Ақпанның соңында келген олар 14 наурыз күні өнер көрсетуі тиіс болатын. Алматы мен Бішкекке де баруды жоспарлаған. Алайда, карантин режимінен кейін жоспар іске аспады. 15 адам еліне қайтып үлгерсе, 17 өнерпаз жануарлардың күтімі үшін қалған. Аңдардың азығы азайғандықтан ресейліктер көпшіліктен әлеуметтік желі арқылы көмек сұрады. Оларға жергілікті өнер ұжымдары, тұрғындар мен волонтерлар қол ұшын созды.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу