АҚШ елшілігіне көліктен оқ атылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ елшілігіне көліктен оқ атылды

20.08.2018

АҚШ-тың Анкарадағы елшілігіне көліктен бірнеше оқ атылды. Алайда, ешкім зардап шеккен жоқ. Айта кетсек, бұл шабуыл Түркия мен Құрама Штаттардың қатынастары америкалық пастор үшін шиеленіскен тұста жасалып отыр.

4-5 оқ жаудырып, ақ машинамен қашып кеткен қылмыскерлер іздестіріліп жатыр. Дипломатиялық миссия ғимаратының есіктері мен терезелеріне үш оқ тиген. Дегенмен, Айт мерекесіне байланысты елшілік жабық тұрыпты.

Ал қос мемлекет ара-қатынасының нашарлауына себепкер болған америкалық 50 жастағы пастор Эндрю Брансон терроризм үшін айыпталып, Түркияда қамауда отыр. Оны босатпағаны үшін Вашингтон Анкараға қарсы санкция мен тариф жариялады.  

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу