Алматыда той кортежінде оқ атылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда той кортежінде оқ атылды

25.10.2021

Той кортежіндегі көлік жолаушысы аспанға оқ атты. Оқиға сенбі күні Алматы облысының Қаскелең қаласында болған.

Тойда серуендеп жүргендер бірнеше рет жол ережесін бұзып, «Mercedes» маркалы автокөлігінің терезесінен денесін шығарып, аспанға оқ атқан сәті бейнекамераларға түсіп қалған.

Тәртіп сақшылары бұзақыларды анықтап, Қылмыстық және әкімшілік кодекстің бірнеше бабы бойынша іс қозғады. Көліктері айып тұрағына қойылды. Ал 25 жастағы азамат өз кінәсін мойындап, тұрғындарды үрейліндіргені үшін халықтан кешірім сұрады.


Алматы той кортежі

Хабарламаларға жазылу