Таиландта үңгірде адасып, 10 күннен кейін табылған балалардың видеосы жарияланды. Бейнероликте олардың аман-есен құтқарушымен сөйлесіп отырғаны көрсетілген. Бірнеше күн бойы нәр тартпаған 12 бала мен олардың футбол жаттықтырушысын құтқарушылар тамақтандырды. Дегенмен, оларды су толған үңгірден әзірге шығарып алу мүмкін болмай жатыр. Енді олар дайверлердің көмегімен шығарылмақ. Бұл үшін балалар да сүңгуге үйренуі тиіс. Футболшы балалар мен олардың жаттықтырушысы маусымның 23-де жоғалып кеткен еді. Олар барған үңгір толассыз жауын кезінде жартылай суға толып қалған.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.