АҚШ-та газет редакциясында атыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та газет редакциясында атыс болды

29.06.2018

АҚШ-та төтенше жағдай. Ел астанасы Вашингтоннан 1 сағаттық жерде орналасқан Аннаполис қаласындағы газет редакциясында атыс болды. Одан 5 адам қаза тапқан. «Кэпитал газет» басылымы ғимаратында оқ атқан ер адам ұсталды. Қазір полиция оған сұрақ қойып жатыр. Оның бұл әрекетке неліктен барғаны және басқа да мәліметтер кейін жария етіледі. «Би-Би-Сидің» хабарлауынша, күдікті 20 жас шамасында. Ол өзінің аты-жөнін атамай, өзін тану процесін қиындату үшін қасақана бармағын зақымдаған. Ал, өзге ақпаратқа сай, полиция шабуылшының кім екенін анықтап, оның үйінде тінту жүргізіп жатыр. Ұсталған адамда жалған гранаталар мен жарылғыш затқа ұқсас құрал табылған. Қазір сараптама жүргізіліп жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу