АҚШ: Сауда орталығында атыс болып, 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ: Сауда орталығында атыс болып, 2 адам қаза тапты

26.10.2021

АҚШ-тың Айдахо штатындағы сауда орталығында атыс болып, 2 адам қаза тауып, төртеуі жараланды. Зардап шеккендердің ішінде полицияның бір қызметкері бар. Қантөгісті жасаған күдікті тұтқындалды.

Осында жұмыс істейтін сатушылардың бірі Джой Бернал жергілікті газет тілшісіне айтқандай, шабуыл кезінде 7-8 рет оқ атылған.

Әзірге шабуылшының аты-жөні жарияланбай отыр. Сонымен қатар, құрбандардың кім екені туралы мәлімет таратылған жоқ.


Хабарламаларға жазылу