Ресейде футболшылар мінген ұшақ өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде футболшылар мінген ұшақ өртенді

19.06.2018

Ресейде Сауд Арабиясының футбол құрамасы мінген ұшақ қозғалтқыштарының бірі қону кезінде өртке оранды. «Ресей» әуекомпаниясына тиесілі «Эйрбас 319» лайнері Ростовтағы Дон қаласына бағыт алған. Бұл қалада маусымның 20-да корольдік футболшылары мен Уругвай құрамасы арасында матч өтеді. «Твиттер» желісінде қону кезінде лайнер қозғалтқышының өртеніп жатқан суреті жарияланды. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Футболшылар аман-есен діттеген жерлеріне жеткен. «Ресей» әуе компаниясы өкілдерінің мәлімдеуінше, двигательге құстың кіріп кетуі өрттің басталуына себеп болса керек.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу