Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам қаза тапты

25.01.2021
Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам қаза тапты

Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырады. Бортта «Пальмас» клубының президенті мен төрт ойыншысы және ұшқыш болған. Олардың бәрі қаза тапты, деп хабарлайды жергілікті G1 телеарнасы.

Оқиға Токантинс авиация қауымдастығының ұшу-қону жолағында болған. Клуб мүшелері Гояния қаласына, «Vila Nova» командасымен өтетін матчқа бара жатқан.

Хабарламаларға жазылу