Ресейде Евгений Пригожиннің ұшағы құлаған жерге тергеушілер жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде Евгений Пригожиннің ұшағы құлаған жерге тергеушілер жетті

24.08.2023

Ресейде Евгений Пригожиннің ұшағы құлаған жерге тергеушілер жетті. «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясының басшысы мінген әуе көлігі Тверь облысында құлаған еді. Оның бортында болған 10 адамның барлығы - 7 жолаушы мен экипаждың 3 мүшесі қаза тапқан. Іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. «РосАвиация» таратқан тізімге сай, ұшақ бортында Пригожинмен бірге оның «оң қолы» Дмитрий Уткин мен осы топтың сарбаздары болған. Апатқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Бұл оқиғаға байланысты ресми Кремль мен елдің Қорғаныс министрлігі әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу